
08/07/2025
🔹Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинистеріне барлық қолайлы жағдай жасалған. Бригада мүшелеріне арналған төрт демалыс үйінің бірі — Бейнеу станциясындағы демалыс орны биыл күрделі жөндеуден өткізіліп, толық жаңартылып пайдалануға берілді.
⏩️1984 жылы салынған екі қабатты ғимарат енді заман талабына сай жабдықталып, шағын қонақүй деңгейіндегі жайлы демалыс орнына айналды. 16 бөлмелі, 34 орындық нысан қажетті тұрмыстық техникамен, жаңа жиһазбен, ас үй, санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда Маңғыстау ғана емес, Мақат локомотив депосынан келетін машинистер де тыныға алады.
🗣️Жаңартылған демалыс үйінің ашылуына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Локомотив шаруашылығы бойынша бас директордың орынбасары Асан Үмбетов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
➖Депо бастығы Ерболат Құсниязов құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтаған «Нұрболат» ЖШС ұжымына алғыс білдірді. Құрылысшылар Алғыс хаттармен марапатталды.
📌Айта кетейік, Маңғыстау локомотив пайдалану депосында мұнан бөлек Жаңаөзен, СайӨтес және Маңғыстау станцияларында машинистерге арналған демалыс үйлері жұмыс істейді.
🔎Толығырақ rail-news.kz сайтында
#казахстан #казахстантемиржолы #астана #актау #пассажирскиеперевозки #грузовыеперевозки #путешествие #ждбилеты #газета #сми #безопасность #путешествиенапоезде #ктж