Resmi News

Resmi News ақпарат жаңалықтары

Наурызнама 14 Наурыз! Көрісу күні - Амал мерекесі!
14/03/2024

Наурызнама 14 Наурыз!
Көрісу күні - Амал мерекесі!

Бүгінде еліміздегі мектептердің 86%-дан астамында инклюзивті білім алу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл туралы БҰҰ-ның Ж...
05/03/2024

Бүгінде еліміздегі мектептердің 86%-дан астамында инклюзивті білім алу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл туралы БҰҰ-ның Женевадағы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
Ол өз сөзінде, инклюзивті оқыту – білім саласын дамытудың негізгі құрылымы ретінде танылғанын атап өтті. Қазақстан Үкіметі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
«Инклюзивті білім беруді дамыту жөнінде стратегиялар мен бағдарламалар әзірленді. Алдағы уақытта педагогтер үшін оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылып, мектептер мен оқу орындарының бастамалары қолдау табады. Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 68 бірлікке ұлғайды. Мектептер базасында инклюзияны қолдаудың 708 кабинеті, 22 ресурстық консультативтік орталық ашылды. Оқу мекемелеріне 2,5 мыңға жуық педагог-ассистент, 9,7 мың арнайы педагог, 12 мыңнан астам педагог-психолог және әлеуметтік педагогтер жұмысқа қабылданды. 600-ден астам арнайы оқу бағдарламалары әзірленді. Кедергісіз және инклюзивті ортаны қалыптастыру үшін оқу орындарында инклюзивті білім берудің үздіксіз жүйесінің ұлттық моделі енгізілетін болады», – деді Еділ Оспан.
Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 мыңнан астам бала бар. Олар үшін арнайы білім беру ұйымдарының желісі құрылған. Атап айтқанда, 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 99 ПМПК, 212 ППТК, 10 аутизм орталығы және 13 оңалту орталығы бар. Ал қалған балалар инклюзия жағдайында жалпы білім беретін мектептерде оқиды. 2023 жылы қарашада Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы саясатты іске асыру мақсатында Арнайы және инклюзивті білім беру департаменті құрылды.

Бүгінде еліміздегі мектептердің 86%-дан астамында инклюзивті білім алу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл туралы БҰҰ-ның Женевадағы Мүгедектердің құқықтары туралы ....

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында қала құрылысы сараптамасы инст...
05/03/2024

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында қала құрылысы сараптамасы институты заңнамалық деңгейде енгізілді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Жаңадан әзірленген және түзетілген қала құрылысы жобалары (бас жоспарлар, ЕТЖЖ және құрылыс салу жобалары) кешенді қала құрылысы сараптамасынан, оның ішінде мемлекеттік сараптамада жоғары тұрған қала құрылысы жобасының жобалық шешімдеріне сәйкестігіне өтетін болады.
«Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде кварталдар мен шағын аудандарды көгалдандыру үшін ең аз алаңдар қамтамасыз етілетінін ескере отырып, градэкспетизация тетігі мемлекеттік нормативтерге сәйкестікті қамтамасыз етеді», – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспеков ҚР Үкіметінің отырысында.
Бұған дейін бас жоспарлар (халқы 100 мың адамнан аз) жергілікті атқарушы орган – әкімдік арқылы кешенді сараптамадан өткен, ірі қалалар үшін сараптама орталық мемлекеттік орган деңгейінде жүргізілген болатын. Процесс жұмыс уақытының жоғалуына, ақпаратты беру мен өңдеудің төмен жылдамдығына, шешімдердің уақтылы қабылданбауына, қағаз шығындарына әкелді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс жобаларын әкімдіктер сараптама жүргізбей қабылдады.
2024 жылғы қаңтардан бастап барлық жаңадан әзірленген және түзетілген қала құрылысы жобалары (бас жоспарлар, ПДП және құрылыс салу жобалары) «бір терезе» қағидаты бойынша «Мемсараптама» РМК-да кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтетін болады.
Сондай-ақ қала жобаларын әзірлеу кезінде қоғамдық талқылаулар жүргізудің бірыңғай тетігі енгізілді.
Заңсыз құрылыстың жолын кесу мақсатында сәулет органдарының шығуы жолымен салынып жатқан (құрылысқа жоспарланған) объектілерге мониторинг жүргізу тетігі күшейтілді. Бұзушылықтар анықталған кезде сәулет органдары шаралар қабылдау үшін ГАСК органдарына ақпарат жібереді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында қала құрылысы сараптамасы институты заңнамалық деңгейде енгізілді, де....

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары өткен жылы су заңнамасының талаптарын сақтау бойынш...
05/03/2024

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары өткен жылы су заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 64 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, 129 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, су объектілерін заңсыз басып алу, рұқсат етілген көлемнен артық су алу, су шаруашылығы құрылыстары пайдалану ережелерін бұзу, заңсыз су ұңғымаларын бұрғылау және жерасты суларын алу құрылыстарын салу, суды бастапқы есепке алу тәртібін бұзу және есепке алу деректерін бұрмалау сынды бірқатар бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 56 ұйғарым беріліп, 63 әкімшілік іс сотқа жіберілді. Бүгінгі күнге су заңнамасын бұзғандардан 11 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Елімізде су ресурстарын қорғау мәселесі өте өзекті. Судың «қара нарығын» жою және оның шығынын бақылауды қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік инспекция штатын 1,5 есе көбейтті. Егер бұрын бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болса, қазір жалпы штат саны 242 адам. Бұдан бөлек, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын да беру көзделген. Ал Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылатын болады.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары өткен жылы су заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 64 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, 129 бұ...

Президентке Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы...
05/03/2024

Президентке Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының елімізді және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуы Сенат үшін негізгі басымдық саналады.
Қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатыр. Ал сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі 10 заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды.
Биыл Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Масс-медиа туралы» және «Жылу энергетикасы» туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.
Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қазақстанның Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы туралы баяндады.
Бұған қоса, Президентке Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының қызметі таныстырылды. Қазіргі кезде Съезді дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр.
Спикер Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сенаттың мәслихат депутаттарымен арадағы жұмысы жандана түскенін айтты. Бұл іске «Өңір» депутаттық тобы мен Сенат жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес белсенді атсалысуда.
Биыл еліміздегі мәслихат институтының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай сәуір айында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр.
Кездесу соңында Президент елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қолдаудың рөлі зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардың дамуына барынша көмек көрсету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты деп санайды. Оның пікірінше, бұл іске жергілікті өкілді органдардың депутаттарын кеңінен тарту қажет.

Президентке Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары ....

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестицияны қолдау және ынталандыру шаралар...
05/03/2024

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестицияны қолдау және ынталандыру шараларының тиімділігі туралы мәселе қаралды.
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткендей, 2024 жылы негізгі капиталға 22,1 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Бұл ретте инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы шеңберінде жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 234 жобаны іске асыру күтілуде.
Бүгінде республикада жеке капиталды ынталандырудың бірқатар тиімді құралдары жұмыс істеп келеді. Осылайша, ірі инвесторларды тарту үшін инвестициялар туралы келісім жасау тетігі жетілдірілді. Сонымен қатар салық заңнамасының тұрақтылығына 10 жылға кепілдік беретін инвестициялық міндеттемелер туралы келісім енгізілді. Бұл тауар өндірушілерге қаржылық ағындарды ұзақ мерзімді жоспарлауға және инвестициялардың қайтарымдылығын болжауға мүмкіндік береді.
Геологиялық барлауға жеке қаражат тарту және мұнай-газ саласының минералды-шикізаттық базасын толықтыру үшін жетілдірілген үлгілік келісімшарт жасау кезінде фискалдық ынталандырулар енгізілді.
Жалпы, бүгінгі таңда Инвестициялық саясат тұжырымдамасын 2029 жылға дейін өзектендіру процесі белсенді жүріп жатыр. Сонымен қатар бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп қолданыстағы қолдау шараларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялық штаб тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жүргізіп жатқан шаралар туралы Қордың басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин хабардар етті.
Премьер-Министр жаһандық бәсекелестік жағдайында мемлекеттік қолдау шаралары инвестиция тартудың маңызды факторы екенін атап өтті. Мұнда Үкіметтің негізгі басымдықтары – жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару, технологиялар трансферті және өндірістерді локализациялау.
Бүгінде елімізде инвесторларға салықтық жеңілдіктер, кедендік баждардан босату, заттай гранттар беру, кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз ету және тағы басқа да түрлі преференциялар беріліп отыр.
«Мәселен, арнайы экономикалық аймақтар институты әлі күнге дейін тиісті деңгейде дамымай отыр. Ал, озық елдердің көпшілігі арнайы экономикалық аймақтарды инвестиция тартудың тиімді құралына айналдырған», — деді Премьер-Министр.
Дүниежүзілік банктің деректеріне сүйенсек, тартымдылығы жағынан салық және кедендік жеңілдіктер тек үшінші және төртінші орындарда тұр. Ал, бірінші позицияда қолайлы әкімшілендіру және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құралдары орналасқан.
«Біздің арнайы экономикалық аймақтарды реформалау әрекетіміз олардың тиімділігін арттыра алмай келеді. Сондай-ақ біз басқарушы компанияларды қамтамасыз етуге қомақты бюджет қаражатын жұмсап отырмыз, бірақ олардың тарапынан инвестиция түрінде тиісті қайтарым жоқ», — деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы тағы бір маңызды мәселе – жергілікті қамту үлесін ұлғайту екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвесторлардың, квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерінде отандық тауарлар мен қызметтердің үлесін барынша ұлғайту қажет.
«Мемлекет инвесторларға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Олар да өздерінің тарапынан өнімділікті арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті кадрларды оқыту, тауарлар мен қызметтердің экспортын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қарсы міндеттемелерді орындауға тиіс», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министрдің пікірінше, АӨК саласындағы субсидиялау тәсілдері де өзгертуді қажет етеді. Қолданыстағы практика шаруаларды озық агротехнология мен инновацияны тартуға ынталандырмайды.
Сонымен қатар жер учаскелерін алу, инфрақұрылым жеткізу рәсімдерінің ұзақ әрі құрылыс нормаларының күрделі болуы – мұның барлығы инвестициялық ахуалға теріс әсерін тигізеді.
«Мемлекет қолдау шараларына орасан көп қаражат бөліп отырғанымен, жеке капиталды тарту мүлдем жеткіліксіз. Бұл іске отандық банктер мен халықаралық қаржы институттарының қатысуы да мардымсыз. Осыған байланысты қосымша қаржыландыру көздерін тарту бойынша пәрменді шаралар қабылдау керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен даму институттары арасында өзара үйлесімді іс-қимылдың жоқтығынан инвесторлар мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты біле бермейтінін айтты.
«Инвесторларға ыңғайлы болуы үшін мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай цифрлық платформасын енгізу қажет. Біз мұны бұрыннан айтып келеміз. Бірақ, нәтиже шамалы», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Осының негізінде Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде қолдау шараларының тиімділігіне кешенді талдау жүргізуді, оларды жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның толыққанды іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Онда преференциялардың барлық түрлерін шоғырландыру керек. Бұл платформаның мақсаты әкімшілік рәсімдерді жеделдету және инвесторлар үшін кедергілерді азайту болуға тиіс», — деді Үкімет басшысы.
ҚР Сыртқы істер министрлігіне «Kazakh Invest» компаниясымен бірге шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде нақты жоспар әзірлеу және онда перспективалы елдерді, трансұлттық корпорацияларды, салаларды және басқа да критерийлерді көрсету, ал «Бәйтерек» холдингіне инвестициялық жобаларды қоса қаржыландырудың қосымша көздерін тарту жұмысын күшейту тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестицияны қолдау және ынталандыру шараларының тиімділігі туралы мәселе қаралды, ....

Биыл Ұлытау облысында қалалар мен аудандарды абаттандыру үшін 6 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ аталған жұмыстарды ж...
05/03/2024

Биыл Ұлытау облысында қалалар мен аудандарды абаттандыру үшін 6 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ аталған жұмыстарды жүргізу мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан қосымша 5 миллиардтан астам қаражат көзделіп отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Биыл бюджет қаражаты есебінен 5, «Қазақмыс» корпорациясымен жасалған меморандум аясында тағы 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, 73 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтеді. 32 тұрғын үйдің шатыры да күрделі жөндеуден өткізілмек. 71 балалар ойын алаңы, 31 спорт алаңы, 26 жаттығу кешені орнатылады. Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жоба 2024-2026 жылдарды қамтиды; Сәтбаев қаласындағы Кеншілер даңқы алаңына қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңін биыл қазанда аяқтау көзделген; Ұлытау селосында «Тасбұлақ» бұлақ аумағы абаттандырылады; Жезқазғандағы «Металлургтер алаңында» былтыр басталған қайта құру жұмыстары мамырдың соңында аяқталады; 2 саябақ пен 3 сквер абаттандырылады.
Сондай-ақ Жезқазғанда мердігер ұйым жосықсыздығы салдарынан былтыр жүзеге асырылмаған 19 ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталады.

Биыл Ұлытау облысында қалалар мен аудандарды абаттандыру үшін 6 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ аталған жұмыстарды жүргізу мақсатында «Қазақмыс» корпорацияс....

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Алматы қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павло...
05/03/2024

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Алматы қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында 11 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарлануда. Бұл ұйымдардың ашылуы оқушыларға қосымша білім беруге және олардың таланттары мен қарым-қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Министрлік балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылы ғана елімізде 9 қосымша білім беру орталығы ашылды. Биыл олардың саны тағы 11-ге артады. Жалпы 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын іске қосу жоспарда бар», – деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Биыл балаларды қосымша біліммен қамтуды 85%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Елімізде барлығы 1625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді және әртүрлі бағыттар бойынша үйірмелердің 380 түрі ұсынылады. Оның ішінде ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық және басқа да үйірмелер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Алматы қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында 11 жаңа қосымша білім беру...

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Т...
05/03/2024

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Тараптар қос мемлекет арасындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министр ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі екенін, бұл елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына оң серпін беретінін атап өтті. 2023 жылы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 1,6 есеге өсіп, 1,3 млрд доллардан асты. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қытай халқының органикалық және экологиялық таза қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынуға сұранысы артқан. Өткен жылы аспан асты еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2 есеге өсіп, 1,01 млрд долларды құрады.
«Қытай нарығы да қазақстандық астықты экспорттауға үлкен қызығушылық танытып отыр. Жыл сайынғы жеткізу көлемін 2 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігіміз бар», – деді Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрі Чжан Сяодан ағымдағы жылы тауарлардың жаңа түрлерін экспорттау жөніндегі екіжақты құжатқа келісу мен қол қоюды жеделдетуге жәрдем көрсетуді сұрады. Бұл – салқындатылған ет, құс шаруашылығы өнімдері, қосымша өнімдер, қызылша және картоп өнімдері.
Сондай-ақ, Қытайға экспорттау үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін жаңа қазақстандық кәсіпорындарды аккредиттеу мәселесін шешуде де елшінің көмегі қажет екендігін жеткізді.
Айдарбек Сапаров Қытай Үкіметіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеруге арналған зертханалық жабдықтарды беруге келіскені үшін алғысын білдірді. Қазақстан Қытай тарапымен бірлесіп, оны елге тезірек жеткізу мақсатында жабдықты беру тетіктерін талқылауға дайын.
Сондай-ақ, қытайлық кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін өндіру және терең өңдеу, оның ішінде өндірістік кооперация қағидаттары бойынша бірлескен жобалар ұйымдастыруға шақырды. Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмыс үшін жағдай жасамақ.
Өз кезегінде Чжан Сяо министрге Қытай Қазақстаннан ет, астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз импорттауды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Қытай нарығының көлемін ескере отырып, Қазақстаннан келетін импортты ұлғайтудың мүмкіндігі зор екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, ҚХР АӨК саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетті құру жөніндегі жұмысты бақылауға алуды ұсынады. Платформа тұрақты негізде бірлескен сапарларды ұйымдастыруға және ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері бойынша ҚР және ҚХР уәкілетті ведомстволары арасында тұрақты тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Жарғының жобасы әзірленді және Қытай тарапы оған мамыр айында Қазақстанда өтетін ШЫҰ-ға қатысушы елдер министрлерінің кеңесінде қол қоюды ұсынды. Чжан Сяо сонымен қатар СҚО-да жаңа технологиялармен жабдықталған заманауи ет комбинатын салу туралы ұсыныс жасады.
Кездесу соңында қос тарап келіссөздер Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Тараптар қос мемлекет арасындағы ынтымақт....

Татарстанның Қазан қаласында «Болашақ ойындарының» жабылу салтанаты өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық мультисп...
04/03/2024

Татарстанның Қазан қаласында «Болашақ ойындарының» жабылу салтанаты өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық мультиспорттық турнир 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтті. Ол цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал дисциплиналарын біріктірді. Оның қатысушылары 12-62 жас аралығындағы 2 мыңнан астам адам болды. Олардың барлығы 294 командаға біріктірілді. Турнирдің жүлде қоры $10 млн құрады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Жарыстарға геймдев, эспорт, робототехника (дрон жарысы және робот шайқастары), кеңейтілген және виртуалды шындық, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бойынша әзірлемелер кірді. Жалпы 21 дисциплина бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтілген бағдарламада) өтті. Аталған ойындарға 13 пән бойынша 48 қазақстандық қатысты. Барлығы 236 спортшы алғашқы «Болашақ ойындарының» жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Бұл Ресей, Қытай, Үндістан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Испания, Уругвай, Филиппин, Аргентина, Эквадор, Колумбия спортшылары. Қазақстандықтар да ойында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Болашақ ойындарынан» түрлі дисциплиналардан медальдар жиынтығын жеңіп әкелді.
«Қазақстандықтар әдеттегідей жарқын өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алды, сондай-ақ «Болашақ ойындарына» қатысып, құнды тәжірибе алдық. Біз Қазақстандағы киберспорт инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруді жалғастырамыз және өзіміздің киберспортшыларымыздан тағы да жеңістер мен әдемі ойындар күтеміз», – деді ҚР туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Ойындар барысында xGOD командасының құрамында бес қазақстандықтың өнер көрсетуі айрықша болды, олар керемет дағдыларын көрсете отырып, Counter-Strike 2 ойыны мен лазертаг бойынша «Болашақ ойындары 2024» чемпионатында жеңіске жетті. Қызықты финалдық жарыста xGOD ұжымы ресейлік LookingForOrg құрамымен кездесіп, сенімді түрде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч Inferno картасында 13:9 және Overpass картасында 13:11 жиынтық ұпаймен аяқталды. Бұл әсерлі жетістік xGOD ойыншыларының жоғары дайындығы мен кәсібилігінің тағы да бір дәлелі. Қазақстандықтар $175 мың жүлдені жеңіп алды.
Сонымен қатар, Dota2 бойынша әр түрлі халықаралық командалар құрамында қазақстандықтар турнир финалының 1/16-дан 1/4-ке өте алды, Қазақстаннан келген фиджитал-хоккейшілер (Cyber Barys) 1/8 финалға өтті, Young командасының жаттықтырушысы Алим Рахметов өз командасын бірінші орынға жетеледі, оның командасы 87,5 мың доллар ұтып алды. «Танктер әлемі» дисциплинасында Rise командасының ойыншысы Станислав Штыренко 1/4 финалда жарысты аяқтады, оның командасы қатысқаны үшін $30 мың алды. Absolute командасының мүшесі Әділ Елдосов Standoff дисциплинасының жеңімпазы болды, оның командасы сәйкесінше $87,5 мың тапты.
«Біздің Counter-Strike ойыншыларымыз әлемдік аренада бұрыннан, осы ойынның алғашқы нұсқаларынан бастап өзін танытты және бүгінде олар халықаралық турнирлерде жанкүйерлерді қуантуды жалғастыруда. Қазақстандықтарды таңғажайып жеңісімен құттықтаймыз, мұндай жүлде қоры шын мәнінде киберспорт әлемі үшін елеулі награда болып саналады», – деп атап өтті Қазақстан киберспорт Федерациясының Президенті Қуанышбек Есекеев.
Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымы 2018 жылдан бастап қарқынды дамып келеді, содан кейін бұл дисциплина алғаш рет ресми спорт түрі болып танылды, ал жазда ҚР Киберспорт Федерациясы құрылды. Содан бері елде жүздеген турнир, соның ішінде бірқатар халықаралық турнир өтті.
2024 жылдың 21 ақпанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізуді ұсынды.

Татарстанның Қазан қаласында «Болашақ ойындарының» жабылу салтанаты өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық мультиспорттық турнир 21 ақпан мен 3 наурыз аралы....

Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Атап өтсек, ҰБТ-ға тіркелу 10 н...
04/03/2024

Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Атап өтсек, ҰБТ-ға тіркелу 10 наурызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалды, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Атап өтсек, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.
ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатын болады.
10 ақпанда қаңтар ҰБТ-сы аяқталды, ол тестілеуге 134 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде талапкерлердің 76,4% – ы қазақ тілінде, 23,5% - ы орыс тілінде, 83 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 77,5% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1709553626

Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Атап өтсек, ҰБТ-ға тіркелу 10 наурызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcent...

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің шақыр...
04/03/2024

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.
Келіссөздер барысында үкіметтер басшылары ағымдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасында жасалған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Тараптар сауда және инвестиция, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы, азаматтық авиация, сондай-ақ транзиттік-көлік салаларындағы бірлескен іс-қимылдарды айқындады. Сонымен қатар мәдени-ағарту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Олжас Бектенов өнеркәсіп кооперациясын нығайту және сауда-саттықтағы өзара іс-қимылды дамытудың оң қарқынын атап өтті. Қазіргі таңда екі елдің бизнес субъектілері құны $26,5 млрд болатын 135 жобаны іске асыруда. Сонымен қатар экономиканың негізгі салаларында, атап айтқанда, машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібінде жалпы құны $14 млрд-ты құрайтын қосымша 67 бірлескен жоба пысықталуда. Бірлескен күш-жігердің арқасында 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
«Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша жемісті дамып келеді. Маңызды бағыт – өнеркәсіп кооперациясы. Ол қазірдің өзінде өзара табысты іс-қимылдың нақты көрінісіне айналып отыр. Екі ел үкіметтері елдеріміздің көшбасшылары қол жеткізген барлық уағдаластықтарды іске асыру үшін бар күш-жігерін салады», — деді Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов.
ҚР Үкіметінің басшысы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстарын жеделдету және үйлестіру қажеттігін атап өтті. Кезеңді жұмыс шеңберінде 2027 жылдың соңына дейін жұмыс көлемін ескере отырып айқындалған 30 өткізу бекетінің 29-ы күрделі жөндеуден өтеді. Аталған шаралар транзитті жеңілдетуге және жалпы шекара бойында өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің әлеуетін кеңейтуге, «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» теміржол учаскесін қарқынды пайдалана отырып, көлік артериясын дамытуға баса назар аударылды.
Сонымен қатар қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық бере отырып, АӨК саласындағы ынтымақтастықты жандандырудың перспективті бағыттарын атап өтті.
Өз кезегінде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген барлық шешімдер мен келісімдерді іске асыру үшін белсенді жұмыс істеуге әзір екенін айтты.
«Біз Қазақстанмен арадағы өзара сыйластық, сенім және стратегиялық әріптестікке негізделген қарым-қатынасты нығайтуға басымдық береміз. Өнеркәсіпте, энергетикада, медицинада, көлік инфрақұрылымында, цифрлық технологияларда ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Ресей мен Қазақстанның көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимыл үшін зор әлеуеті бар екеніне сенімдімін. Біздің елдер аумақтары арқылы Еуразиядағы аса маңызды транзиттік бағыттар өтеді», — деді Михаил Мишустин.
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары мемлекетаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын сақтау ниетін растады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, д...

Address

Astana
Tselinograd

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Resmi News posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share