Halyq Uni ақпараттық порталы

Halyq Uni ақпараттық порталы Халық үнін бірге жеткізейік! "ХАЛЫҚ ҮНІ". Әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени тақырыптарда ақпарат ұсынады.

🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айттыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғы...
25/12/2024

🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді», – делінген жеделхатта.

Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
25/12/2024

Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды
25/12/2024

Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды

Бортта барлығы 67 адам болған

Бұл жүйенің артықшылықтары түсіндірілді
24/12/2024

Бұл жүйенің артықшылықтары түсіндірілді

Бұл жүйенің артықшылықтары түсіндірілді

Бұрын бұл қызметті Айдос Ақжанов атқарған
24/12/2024

Бұрын бұл қызметті Айдос Ақжанов атқарған

🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!
16/12/2024

🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қо...
13/12/2024

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды.

Құжатта экс-президент пен оның отбасы мүшелерінің «денсаулығын мемлекеттік құпия» деп тануды көздейтін норма бар.

«Мемлекеттік құпиялар туралы» заңына барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі», - деп жазылған заңның қорытындысында.

Сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын бұғатталған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.Еске сала ...
12/12/2024

Сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын бұғатталған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржылық монитринг агенттігі «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың қылмыстық тобына қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болған «Nikolsky Investment» ЖШС-ға тиесілі Алматыдағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлкі бұғаттаған.

Алайда, биыл қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базар шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта рәсімделіп, шектеулер алынып тасталған. Биыл 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта рәсімделген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.

Алматы облысы Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі 15 күнге қамауға алынды.Әкімшілік іс Еңбекші...
11/12/2024

Алматы облысы Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі 15 күнге қамауға алынды.

Әкімшілік іс Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды.

«Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қ. Нұрымов (Шерзат Болаттың әкесі – авт.) 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ оның бауыры Салтанат Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен бірге туысы Б. Реймова да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Оның азаматтығы жоқ болғандықтан, әйел кейіннен ел аумағынан шығарылады.

Еске сала кетсек, биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді.

12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.

9 желтоқсанда Талғар қаласының маңында Шерзат Болаттың 30 жастағы ағасының мәйіті табылған болатын. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне жазған хабарламасы анықталған.

Бүгін «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Астана уақытымен 8 сағат 24 минут 10 секун...
09/12/2024

Бүгін «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Астана уақытымен 8 сағат 24 минут 10 секундта жер сілкінісі тіркелді.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер: есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балды құрады, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бүгінде тәтті сусындарға қосымша салық салуды қарастырып жатырмыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тим...
06/12/2024

Бүгінде тәтті сусындарға қосымша салық салуды қарастырып жатырмыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

«Ол 2026 жылға дейін Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін дамыту концепциясы бекітілгенін еске салды.

Вице-министр жаңа салық енгізілсе, елімізде тәтті сусындар қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті.

Ұсыныс бойынша акциздің нақты сомасы біртіндеп көтеріледі. Мысалы, (тәтті сусынның 1 литріне) шамамен 100 теңге (салық салынады). Өкінішке қарай, қазір семіздікке шалдыққан балалар көбейіп жатыр… Дүниежүзілік банкпен бірге жасаған модельдеу бойынша (салық енгізілсе – автор) тәтті сусындардың сатылымы азаяды. Алайда таза суды сату көрсеткіші 40%-ға пайызға дейін көтеріледі», – деді министрдің орынбасары.

Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылдың шекті сомасы белгілі болдыЗейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі ...
06/12/2024

Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылдың шекті сомасы белгілі болды

Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі 2024 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалады.

Address

Улица Сыганак, 43
Tselinograd

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Halyq Uni ақпараттық порталы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Halyq Uni ақпараттық порталы:

Share