Жетінші

Жетінші Ақпараттық портал

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы⤴️ #7ақпарат    #жетіншіақпарат    #үкімет
04/04/2023

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы⤴️

#7ақпарат #жетіншіақпарат #үкімет

Қазақстанда жанармай бағасы өседі🔺АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өсед...
03/04/2023

Қазақстанда жанармай бағасы өседі

🔺АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өседі (11%).

🔺Дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтеріледі (өсім 20%).

«Көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек», – деп мәлімдеді Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов.

♟️Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастадыҚазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойн...
02/04/2023

♟️Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастады

Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Конеру - Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы. Тең ойынның арқпсында Бибісара 4,5 ұпай еншілеп, тізімде көш бастады.

Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр тұрса, үшінші орынға 3,5 ұпайы бар ресейлік Александра Горячкина жайғасқан.

#7ақпарат #шахмат #бибісараасаубаева

Елена Рыбакина финалда Петра Квитоваға есе жібердіМайамидегі WTA 1000 турнирінде 33 жастағы чехиялық теннисші топ жарды....
02/04/2023

Елена Рыбакина финалда Петра Квитоваға есе жіберді

Майамидегі WTA 1000 турнирінде 33 жастағы чехиялық теннисші топ жарды. Ойын тағдыры екі сетте шешілді. Осылайша 23 жастағы Рыбакинаның жеңісті сериясы үзілді. Бұған дейін ол қатарынан 13 рет жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық теннисші 650 ұпай иеленіп, 660 мың доллар алады.

#7ақпарат #еленарыбакина #майамиоупен

31/03/2023

Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға 143 млрд теңге бөлінеді

Былтыр Президент сайлауынан кейін ұлықтау рәсімінде Қ.Тоқаев өзінің ең бірінші жарлығын ауылды дамытуға арнап шығарғаны естеріңізде болар. Осы жолы да Президент ауылға қатысты мәселелерді уақыттың тезіне салып шешу керектігін айтты. Себебі ауыл – қазақтың алтын бесігі. Агроөнәркәсіп – экономиканың негізгі күретамыры.

Былтырдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауылда 3700 нысан жаңғыртылған екен. Дені әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады. Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінбек. Әрі Президент шалғайда қалған шекаралас аудандардың ахуалы мен халықтың әлеуметтік тұрмыс-тірлігін түзету мәселесін де жаңа Парламент пен Үкіметтің арқасына зіл-батпан жүк қылып артты.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #ауылшаруашылығы

31/03/2023

Ермұрат Бапи Парламентте қандай мәселелер көтеретінін айтты

Президенттің жарлығымен Смайылов премьер-министр болып қайта тағайындалды. Ал сайлаудың ресми қорытындысын тоғыз күн күткен топ апта басталысымен жұмыстарына асығыс кірісті. Алдымен Орталық сайлау комиссиясы сайланған жұртқа депутаттық мандаттарын үлестіріп, кеуделеріне төсбелгілерін тақты. Ертеңіне Президент жаңа сессияның жұмысын ашып, құзыреті мен қызметі күшейген Парламенттің алдына жаңа міндеттер жүктеді. Сосын бірлескен отырыс біте сала төменгі палата өкілдері жасырын дауыс беру арқылы өздерінің жаңа төрағасын сайлап алды. Ол орынға экс-спикер Ерлан Қошанов қайта жайғасты.

Іле Мәжіліс депутаттары ант берді. Осылайша қызметтеріне қызу кіріскен депутаттар жазға дейін демдерін алмай, біраз шаруаны дөңгелетіп тастайтынын көрсеткендей болды. Ол қандай шаруа екенін су жаңа депутат, оның үстіне бір мандаттық округтен сайланған белгілі қоғам қайраткері Ермұрат Бапиден сұрайық.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #ермұратбапи

31/03/2023

Тоқаев Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?

Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияларға Парламент партасынан мынадай орынтақтар бұйырды. «Amanat-қа» 40 мандат, «Ауылға» 8 орын, «Respublica» мен «Ақжолға» 6 орыннан, «Қазақстан халық партиясына» 5 және ЖСДП-ға 4 мандат бұйырды.

Қалай десек те қазақ елінің ең жоғары заң шығарушы органы тәуелсіздік тарихында алғаш рет 6 партия өкілдерінен жасақталып отырғаны ақиқат. Ендеше сегізінші шақырылымның алғашқы сессиясын ашқан Президент Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #аманат

Бір ғасыр өмір сүрген Олимпиада чемпиондарыМамандар Олимпиада чемпиондарының орташа жасы 67 жас екенін айтады. Шын мәнін...
31/03/2023

Бір ғасыр өмір сүрген Олимпиада чемпиондары

Мамандар Олимпиада чемпиондарының орташа жасы 67 жас екенін айтады. Шын мәнінде, бұл белестен асып кеткендер көп. Біз бүгін бір ғасырдан астам өмір сүрген саңлақтар туралы сөз қозғамақпыз.

#жетіншіақпарат #олимпиадачемпиондары

31/03/2023

Енді қазақстандықтардың төлқұжатында саусақ ізі болады

ІІМ Қазақстан азаматының паспортын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын

ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы жаңа қағидаларын әзірледі

Жоба 13 сәуірге дейін Ашық НПА веб-сайтында орналастырылған

Хабарланғандай, енді құжатта тегі, аты-жөні, ұлты, жынысы секілді негізі деректерден бөлек

16 жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» ҚР заңымен белгіленген жағдайларда

12 жастан бастап 16 жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздері болады.

#жетіншіақпарат #төлқұжат #саусақіздері

🚄LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды.Бұл туралы Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген...
30/03/2023

🚄LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды.

Бұл туралы Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Журналистер әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады.

«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысан құрылысын әрі қарай сала береді. Сонымен қатар нысанның жылжымалы құрамына да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», – деді Астана әкімі.

#7ақпарат #жетіншіақпарат #ЛРТ #ЖеңісҚасымбек

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындал...
30/03/2023

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

97 депутаттың 82-сі Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдаса, 7-еуі қарсы болып, 8-і қалыс қалды.

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023 #ҚасымЖомартТоқаев #ПремьерМинистр #Смайылов

AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.Президент Қасым-Жома...
30/03/2023

AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023 #ҚасымЖомартТоқаев #ПремьерМинистр #Смайылов

Күннің ең анық фотосуреті пайда болдыОның авторлары – астрофотографтар Эндрю МакКарти мен Джейсон Гензель. Мұндай бұрын-...
29/03/2023

Күннің ең анық фотосуреті пайда болды

Оның авторлары – астрофотографтар Эндрю МакКарти мен Джейсон Гензель. Мұндай бұрын-соңды болмаған жоғары сападағы фотоны жасау үшін америкалық ғалымдар телескоппен түсірілген 90 мың фотосуретті біріктірген.

Сіз неге ұқсаттыңыз?

#7ақпарат #жетіншіақпарат #күн #астрофотограф

4 пайыздық автонесие қашан қайтадан қосылатыны белгісіз. Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды наурызда қосып үлге...
29/03/2023

4 пайыздық автонесие қашан қайтадан қосылатыны белгісіз. Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды наурызда қосып үлгермеген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» хабарлады.

«Наурызда болмайды. Өтінімдерді қайта қабылдау туралы алдын ала хабарлаймыз», – деді қордың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда автонесиеге онлайн 761 өтініш қабылданып, 18 секундта лимит таусылған болатын.

#7ақпарат #жетіншіақпарат #автонесие

Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтқан сөздерінен үзінді⤴️ #7ақпарат    #сайл...
29/03/2023

Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтқан сөздерінен үзінді⤴️

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023 #ҚасымЖомартТоқаев #Парламент #сессия

28/03/2023

Меккеге бара жатқан автобус апатынан 20 адам көз жұмды

Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясына қарасты Акабат Шаар аумағында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шығып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан автобус бағанаға соғылып аударылған. 20 адам көз жұмып, тағы 29-ы жарақат алды.

ҚР СІМ өкілдері зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

#жетіншіақпарат #мекке #жолапаты

Әлемдегі үздік қаржы орталықтарыНью-Йорк әлемнің үздік қаржы орталықтарының арасында көш бастап тұр. Global Financial Ce...
28/03/2023

Әлемдегі үздік қаржы орталықтары

Нью-Йорк әлемнің үздік қаржы орталықтарының арасында көш бастап тұр. Global Financial Centres Index жасаған рейтингтің екінші сатысында Лондон тұрса, алғашқы үштікті Сингапур түйіндеді.

1. Нью-Йорк
2. Лондон
3. Сингапур
4. Гонконг
5. Сан-Франциско
6. Лос-Анджелес
7. Шанхай
8. Чикаго
9. Бостон
10. Сеул
Дереккөз: Global Financial Centres Index

#жетіншіақпарат #қаржыорталығы

Қай партия қанша мандатқа ие болды?⤴️ #7ақпарат    #сайлау2023  #мәжіліссайлауы2023
27/03/2023

Қай партия қанша мандатқа ие болды?⤴️

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023

Address

Tselinograd

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жетінші posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Жетінші:

Share