Nege Kazakhstan

Nege Kazakhstan Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Nege Kazakhstan, Media/News Company, Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Tselinograd.

Nege.kz – Қазақстан мен әлем жаңалықтарын жедел әрі бейтарап тарататын қоғамдық-саяси портал. Біз тек ақпарат беріп қана қоймай, өзекті оқиғаларға терең сараптама мен арнайы зерттеулер ұсынамыз.

Президент елорданың көркейіп келе жатқанын әкім мен оның командасының еңбегімен байланыстырды.«Астанамыздың көркі артып ...
19/09/2026

Президент елорданың көркейіп келе жатқанын әкім мен оның командасының еңбегімен байланыстырды.

«Астанамыздың көркі артып келе жатыр. Бұл да – қала әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек пен оның көмекшілерінің табанды жұмысы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасымбекке бұған дейін де жоғары баға берген. 2025 жылғы желтоқсанда Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Тоқаев: «Жеңіс Қасымбектің бойынан менің не қалайтынымды, не талап ететінімді түсінетін адамды таптым», – деген еді.

Осы жолы Президент құрылыс сапасын да жеке бақылауында ұстайтынын айтып, талап пен ережені бұзғандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Екатеринбургтегі халықаралық фестиваль аясында өткен ке...
19/09/2026

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Екатеринбургтегі халықаралық фестиваль аясында өткен кездесуде жастарға бірнеше кеңес беріп, өзі маңызды деп санайтын қасиеттерге тоқталды.

Елші университет қабырғасында жүрген кезінде студенттер кәсіподағының төрағасы болғанын, КВН-ге қатысып, 1997-1998 жылдары Қазақстан чемпионы атанғанын, футбол ойнап, спортпен айналысқанын айтады. Айтуынша, соның арқасында оқумен шектелген курстастарына қарағанда, мықты нетворкинг құрып үлгерген.

19/09/2026

Генетиканы өзгерте алмаймыз. Бірақ эпигенетикаға әсер ете аламыз.

Ер адамның өмір салты сперматозоидтың сапасына әсер етуі мүмкін. Темекі шекпеу, алкогольден бас тарту, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану — репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлардың бірі.

Андролог-уролог дәрігер Азамат Сандыбайұлының айтуынша, генетикалық ақпаратты өзгерте алмасақ та, эпигенетикалық процестерге белгілі бір деңгейде әсер етуге болады.

Сондықтан бала жоспарлау кезінде ер адамның денсаулығы да маңызды.

Бала сүюге дайындық — әйелдің ғана жауапкершілігі емес.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Тараздағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайын тексеру кезінде ...
18/09/2026

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Тараздағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайын тексеру кезінде авиаотынды монополиялық жоғары бағаға өткізгені анықталған.

Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, оны бірінші және екінші сатыдағы соттар арқылы даулаған. Дегенмен облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп таныған. Ақыр соңында әуежай өкілдері сотта өз кінәсін мойындаған.

«Кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және монополиялық қызметті іске асыру нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық кіріс тәркіленді», – делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса монополияға қарсы орган компанияға бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарды тоқтату жөнінде нұсқама берді. Нұсқама бойынша әуежай өкілдері бұрынғыдан арзан баға белгілеуі тиіс.

18/09/2026
Қазақстан енді ERG-нің дамуына тікелей мүдделі. Себебі үлесті министрліктен қорға аудару корпорацияның қаржылық және бас...
18/09/2026

Қазақстан енді ERG-нің дамуына тікелей мүдделі. Себебі үлесті министрліктен қорға аудару корпорацияның қаржылық және басқарма шешімдеріне араласу мүмкіндігіне жол ашты. Демек, тиімділікті арттыру арқылы дивиденд пен салық мәселесін оңтайлы шеше алады.

➡️➡️➡️

Алматыда тұрғылықты және уақытша тұру орны бойынша тіркеу кезінде тұрғын үйдің жалпы алаңы ескерілмек. Жобаға сәйкес, бі...
18/09/2026

Алматыда тұрғылықты және уақытша тұру орны бойынша тіркеу кезінде тұрғын үйдің жалпы алаңы ескерілмек. Жобаға сәйкес, бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын үй алаңы есептелуі тиіс.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасовтың айтуынша, соңғы уақытта бір мекенжай бойынша тым көп адамның тіркелуі халық санын нақты есептеуге кедергі келтірген. Осы мәселені шешу үшін тіркеу нормативін белгілеу ұсынылған.

Жаубасовтың нақтылауынша, 15 шаршы метрлік норматив азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету нормасы болып саналмайды. Яғни бұл талап әр адамға 15 шаршы метр көлемінде жеке баспана берілуі керек дегенді білдірмейді.

18/09/2026

Қазір сүндетті медициналық білімі жоқ адамдардың да жасап жүрген жағдайлары кездеседі.

Маманның айтуынша, сүндеттен кейін қан кету, инфекция, зәр шығару қиындығы және басқа да асқынулар болуы мүмкін.

Сондықтан ата-ана үшін ең маңыздысы — процедура жасалатын жердің қауіпсіздігі, стерильділігі және маманның медициналық біліктілігі.

Президенттің жарлығымен Эльвира Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы болып, өз лауазымында қал...
18/09/2026

Президенттің жарлығымен Эльвира Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы болып, өз лауазымында қалды.

Әзімова бұл қызметке 2023 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған болатын.

Нұрлан Әбдіров те Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 25 қаңтардан бері атқарып келеді.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметінде қалды. Смайылов бұл лауазымға 2024 жылғы 1 сәуірде тағайындалған еді.

17/09/2026

Бедеулік — үкім бе? Сүндетті қашан және қалай жасаған дұрыс? Ер адамның жыныстық денсаулығына не әсер етеді?

Бұл шығарылымда уролог-андролог Азамат Сандыбайұлымен Азамат Сандыбайұлы | Астана ерлер денсаулығы, репродуктивті жүйе және бала тәрбиесі туралы ашық сөйлестік.

Сұхбатта бедеуліктің себептері, сперматозоид сапасы, бірде-бір сперматозоид табылмаған жағдайда не істеуге болатыны, иммунды бедеулік және әке болу мүмкіндігі туралы сөз болды.

Сонымен қатар сүндеттеу, ұл баланың денсаулығын бақылау, жыныстық тәрбие, мастурбация және түнгі поллюция туралы маңызды сұрақтарға жауап алдық.

Address

Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 8
Tselinograd
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:15
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 13:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Nege Kazakhstan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share