Мәдениет порталы

Мәдениет порталы Қазақ мәдениетін тұрақты түрде насихаттайтын ағартушылық бағыттағы ең ірі мәдени платформа "Мәдениет порталын" насихаттайтын арнайы парақша

Елордада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Аста...
03/12/2025

Елордада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Астана қаласының Білім басқармасы бірлесіп, барлық 120 мемлекеттік мектепте және 9 мемлекеттік колледжде 10-11-сынып оқушылары арасында «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойынын өткізіп жатыр 📖

Астана оқушылары қаржылық алаяқтықпен күресуді үйренуде

03/12/2025

Алматыда қатты отын қолданатын қоғамдық тамақтану орындарына бақылау күшейтілді. Санитарлық қызмет 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, 10 экологиялық құқықбұзушылық анықтады. 7 нұсқама беріліп, екі факті сотқа жіберілді. 1,8 млн теңгеден астам сомаға 8 әкімшілік шара қолданылды.Eco Almaty мамандары мұндай нысандардың шамадан тыс түтін шығарып, тұрғындарға қолайсыздық тудыратынын айтады. Қатты отын пайдалануға тыйым салынған, газбен жұмыс істейтін жабдықтарда сүзгі орнатылуы тиіс. Экологиялық және санитарлық талаптарды түсіндіру жұмыстары кәсіпкерлер арасында тұрақты жүргізіліп жатыр.

Президент белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
03/12/2025

Президент белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Атақты Мұздаққара қыран жайлы ел ішінде аңызға бергісіз әңгімелер көп. Бұл қыранның иесі Жарасбай дейтін атақты құсбегі....
03/12/2025

Атақты Мұздаққара қыран жайлы ел ішінде аңызға бергісіз әңгімелер көп. Бұл қыранның иесі Жарасбай дейтін атақты құсбегі. Ағайынды Жарасбай, Борасбай, Есілбай атты бір атаның балалары шетінен бүркіттің бабын білетін адамдар екен. Бұлар кез келген таудың құсына құмар емес, тек Көксерке шыңынан ғана балапан алатын әдеті бопты. Себебі, Көксеркенің бүркіт ұя салатын биігін жылдың он екі айында қалың бұлт торлап жатады. Шілденің ортасында он күн ашық тұрады. Дәл осы тұста ағайындыларда тауға атанады. Қиядағы ұядан балапан алып қайтады.

Бекен Қайратұлы. Мұздаққара

Кеше бір жақын ақын інім хабарласады... "...Ағасы, осы Бессала, Қараөткелден қашан өтіп кетесіз!?" деп!? "Түсіндім" дейм...
02/12/2025

Кеше бір жақын ақын інім хабарласады... "...Ағасы, осы Бессала, Қараөткелден қашан өтіп кетесіз!?" деп!?

"Түсіндім" деймін ғой баяғы Бекен Қайрат баһадүр достың жекен лепесімен. Алайда өзім көбінесе мұндай суыт қойылған сауалға жауап беруге сонша асықпайтын "өліара да өскен өнім" едім. Ақыры не керек!?

Түнде пафосты (pathos) жазып қойғанымызды таң ата білдік...

ПАРАдигма (қайырлы эссе)

Алтайдың атақты Өрмегейті асуынан асқан соң, жол ылдилап барып Құрымтыға құлайды. Бұл табиғаты әсем өлке. Сонау шығыс-со...
27/11/2025

Алтайдың атақты Өрмегейті асуынан асқан соң, жол ылдилап барып Құрымтыға құлайды. Бұл табиғаты әсем өлке. Сонау шығыс-солтүстікте мұнартып тұрған қасқа шыңның оң қапталын жанай созылған қарағайлы алқапты біздің ел «Жолты жайлауы» дейді. Жайлаудың күңгей бетіндегі ескі сүрлеуді қуалап барып, мәңгі мұздақтың төменгі етегін сүре өрлейтін қия жол Қобда бетіне асатын жалғыз сораб. Сүрлеу-сорабты қыста қалың қар басып қалады. Тек жаздың үш айында ғана қатынас бар....

Бекен Қайратұлы. Құмайторы

«Ана жақта анам бар, мына жақта балам бар...»
26/11/2025

«Ана жақта анам бар, мына жақта балам бар...»

«Ана жақта анам бар, мына жақта балам бар...»

Айтулы қазақ ақыны, әйгілі аудармашы, көрнекті шығыстанушы-ғалым Дүкен Мәсімханұлының аты-жөні бұл күнде еліміздің ішінд...
26/11/2025

Айтулы қазақ ақыны, әйгілі аудармашы, көрнекті шығыстанушы-ғалым Дүкен Мәсімханұлының аты-жөні бұл күнде еліміздің ішінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де кеңінен танымал есім-сойға айнала бастады. Атап айтқанда, ақын жырлары әр жылдары көптеген шетелдерде жарық көрудің сыртында, 2025 жылы Түркия астанасы Анкара қаласында орналасқан «Spica Works» баспасынан «Düken Mesimhanulı ve Şiir Dünyası» атты монография (авторлары: Орхан Сөйлемез, Өмер Фарук Атеш) жарық көрген болса, қытай әдебиетінен жасаған 5 томдық аударма еңбектері үшін биыл шілде айында ол ҚХР Жазушылар одағының «Friend of Chinese Literature» деп аталатын халықаралық әдеби сыйлығымен марапатталды. Жақында Аустралияның Сидней қаласынан тағы бір сүйіншілі ұшбу хат келіп жетті. Ол хатта Дүкен Мәсімханұлына Халықаралық ақындар Пен клубы (Poets International Pen Club — PIPC) қазылар алқасының шешімімен клубтың ең басты марапаты «Golden Pen Award»(«Алтын қалам» сыйлығы) берілгені хабарланған.

Дүкен Мәсімханұлы: Мен, Тәңіртау мұзбалағы – қырағы

Әбіш Кекілбаевтың 1997 жылы кемеңгер жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арнап жасаған баяндамасында оны «ұлы даланың рухан...
25/11/2025

Әбіш Кекілбаевтың 1997 жылы кемеңгер жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арнап жасаған баяндамасында оны «ұлы даланың рухани сақиына» теңеген еді. Ал сол сақилығына тамам ел тәнті болған, адамзат мойындаған классиктердің қатарында есімі аталатын ұлы Мұхтар Әуезов: «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына дейін түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын», – деп жазған еді ертеректе. Ендеше, оны шығарушылардың өзі ұлттың ұлы ұстазы, қазақтың зиялылары, алаш көсемдері аталып отырған тұлғалар болған, сол тұстағы, кейінгі жылдарда жарық көрген газеттің бәріне көшбасшы болған «Қазақ» газетіне де сақилықты теңей айтсақ, артық етпес.

Ұланғайыр даланың рухани сақиы

Алматылық қыз қалалық автобуста кездейсоқ оқиғаға тап болды. Ол өз кітабын сатқан егде жастағы жазушыны көріп, әлеуметті...
25/11/2025

Алматылық қыз қалалық автобуста кездейсоқ оқиғаға тап болды. Ол өз кітабын сатқан егде жастағы жазушыны көріп, әлеуметтік желіге жүктеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
https://madeniportal.kz/news/avtobusta-kitap-satqan-atanyn-oqigasy-zurtty-elziretti

Автобуста кітап сатқан атаның оқиғасы жұртты елжіретті

«Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақтың жыраулық, дәстүрлі ән және ұлттық драматургия өнерін заманауи сахнаға бейімдеп, ж...
24/11/2025

«Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақтың жыраулық, дәстүрлі ән және ұлттық драматургия өнерін заманауи сахнаға бейімдеп, жаңа буынға жеткізіп жүрген маңызды мәдени орталық. Театрдың талантты артистері Аманқос Садықов, Құралай Мырзалинова және Жанерке Дүйсембиева ұлттық өнерді жаңғыртып, көрерменге шынайы образдар ұсынуда.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақтың жыраулық, дәстүрлі ән және ұлттық драматургия өнерін заманауи сахнаға бейімдеп, жаңа буынға жеткізіп жүрген маңызды мәдени...

Мен алғаш рет Кеңшілікпен бес-алты жасымда танысқан едім. Содан достасып кеттік. Дос болғанда қандай, ауылдағы он бес ша...
24/11/2025

Мен алғаш рет Кеңшілікпен бес-алты жасымда танысқан едім. Содан достасып кеттік. Дос болғанда қандай, ауылдағы он бес шақты баланың таңертеңнен кешке дейін бас қосатын жеріміз де бір, ойнайтын жеріміз де бір болатын. Кеңшіліктің әкесі Ағытай мен шешесі Мәр­күлдің сол кездері әрі кетсе отыздан ғана асқан кезі. Ағытай соғыс кезінде басынан жа­раланып келген, көп үндемейтін кісі еді. Кеңшіліктің сөзшеңдігі, арсалаңдап тұратын мінезі анасына тартқан, Мәркүл апай екі бетінің ұшы қызарып тұратын аппақ, сөзге ұста адам болатын. Кеңшіліктің туған жері Түйемойнақ деп аталады.

Өлең кестесін келістірген ақын

Address

Достық
Tselinograd
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Мәдениет порталы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Мәдениет порталы:

Share

ҚАЗАҚТЫҢ 100 ҮЗДІК ӨЛЕҢІ, ҚАЗАҚТЫҢ 100 ҮЗДІК ӘҢГІМЕСІ" жобасы

Құрметті оқырмандар! "Мәдениет порталы" http://madeniportal.kz/ ҚАЗАҚТЫҢ 100 ҮЗДІК ӨЛЕҢІ, ҚАЗАҚТЫҢ 100 ҮЗДІК ӘҢГІМЕСІ" жобасын қолға алды!Өздеріңізге ұнайтын өлеңдер мен әңгімелердің тақырыбы мен авторларын пікір ретінде осы жерге жазып қалдыруларыңызды сұраймыз! #жүзөлең #жүзәңгіме