National Geographic Qazaqstan

National Geographic Qazaqstan National Geographic Qazaqstan – ағылшын тіліндегі әлемдік ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер туралы контентті қазақ тілінде ұсынатын ғылыми-танымдық журнал

Бізбен бірге таңғажайып әлемге саяхат жасаңыз! National Geographic Qazaqstan журналының алғашқы саны 2016 жылдың ақпан айында жарық көрді. Әлемнің 38 тілінде шығып, 80-нен астам елге тарайтын беделді басылым қазақ тілді оқырманға қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батасымен қадам басқан болатын.

«Мен әлемге әйгілі басылымның Қазақ жерінде, қазақ тілінде жарық көруін ана тіліміздің халықаралық д

еңгейдегі тағы бір жетістігі деп бағалаймын». – Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті.

133 жыл тарихы бар сары-жиекті басылымның дүниежүзінде 60 миллионнан астам оқырманы бар, ал брендің жалпы аудиториясы (журнал, телеарна, кітап, әлеуметтік желі) 900 миллионға барып тіреледі.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі шетелдік журнал ана тілімізде басылып, мемлекеттік тілдің халықаралық мәртебесін арттыруға да өз үлесін қосып отыр.

Халықаралық талаптарды ескере отырып, журналдың алғашқы нөмірі Еуропаның жетекші баспаханаларының бірінде басылып шықты.

Журналдың түрлі-түсті бояуға қанық таңғажайып фотосуреттері мен қызықты мақалалары, өз оқырмандарына үйден шықпай-ақ, аптап ыстық Африкадан, солтүстіктегі мұз басқан Арктикаға дейін қайталанбас сапар сыйлайды.

Саясаттан тыс дүниелерді, соның ішінде адамзат өркениетінің өзекті мәселесінен бастап, көне тарихына дейін барлайтын, тұмса табиғат, география, археология, тарих, биология, астрономия және т. б. көптеген ғылым саласын кеңінен қамтитын басылымға жазылу арқылы әлемдік қауымдастықтың мүшесі болыңыздар. PS. Қатарымызға қосылыңыз, әлемді бірге өзгертейік!

Маржан рифтерін қорғайтын бұл титімдей жәндіктердің өздері де қорғауға мұқтаж🥹👆🏼💡Халлан теңіз кірпілерін көбіне үстінен ...
29/10/2025

Маржан рифтерін қорғайтын бұл титімдей жәндіктердің өздері де қорғауға мұқтаж🥹👆🏼

💡Халлан теңіз кірпілерін көбіне үстінен түсіреді – бұл олардың радиал симметриясын айқын көрсетеді. Жәндіктің астыңғы жағындағы аузында өздігінен өткірленетін бес тісі бар. Олар балдыр, ламинария, планктон секілді тағамдарды шайнауға, сондай-ақ тасты ойып жауынан жасырынатын орын жасауға көмектеседі

27/10/2025
🌲Алматының сәні – Алатау, ал Алатаудың сәні – Тянь-Шань (Шренк) шыршасы туралы не білеміз?
21/10/2025

🌲Алматының сәні – Алатау, ал Алатаудың сәні – Тянь-Шань (Шренк) шыршасы туралы не білеміз?

🍁Неге жапырақтар күз келген сайын сары түске боялады?Күзде жапырақтағы хлорофилл жойылып, оның орнына қызыл-сары пигмент...
20/10/2025

🍁Неге жапырақтар күз келген сайын сары түске боялады?

Күзде жапырақтағы хлорофилл жойылып, оның орнына қызыл-сары пигмент түзіледі. “Неге?” деген сұраққа ғалымдар әртүрлі жауап ұсынған.

2001 жылы биолог Уильям Хәмилтон күзде жапырақтың түсі жәндіктерді үркіту үшін пайда болады деп болжады. Яғни сау ағаштар жапырағында токсин түзіп, ашық түспен «мені жемеңдер» деген белгі береді.

Кейін басқа зерттеушілер жапырақ сарғайғанда күн сәулесінен қорғайтын сары пигмент түзеді деген анықтама ұсынды. Дегенмен бұл екі тұжырым да теріске шықты❌

Фрайбург ғалымдары Мартин Шефер мен Грегор Ролсхаузен тәжірибе жасап, жапырақтарды әртүрлі түске бояды. Нәтижесінде жәндіктер ағашты түсіне қарап емес, иісі мен саулығына қарай таңдаған.

Ғалымдар әртүрлі биіктіктегі тоғайларды да салыстырды. Суық аймақтарда жапырақ түсі расымен ашық болады және жәндіктер аз кездеседі. Алайда 360 метрлік кей аласа ағаштар 1100 м биіктіктегі күн қатты түсетін ағаштарға қарағанда ашық болып шықты.

Ағаштар жапырақ түсін өзгерту үшін энергияны не үшін жұмсайтыны туралы ғалымдар әлі нақты жауап тапқан жоқ, сондықтан біз Дмитрий Доценконың мына ғажап суреттерін тамашалайық😍👆

🍁Неге жапырақтар күз келген сайын сары түске боялады?Күзде жапырақтағы хлорофилл жойылып, оның орнына қызыл-сары пигмент...
20/10/2025

🍁Неге жапырақтар күз келген сайын сары түске боялады?

Күзде жапырақтағы хлорофилл жойылып, оның орнына қызыл-сары пигмент түзіледі. «Неге?» деген сұраққа ғалымдар әртүрлі жауап ұсынған.

2001 жылы биолог Уильям Хәмилтон күзде жапырақтың түсі жәндіктерді үркіту үшін пайда болады деп болжады. Яғни сау ағаштар жапырағында токсин түзіп, ашық түспен «мені жемеңдер» деген белгі береді.

Кейін басқа зерттеушілер жапырақ сарғайғанда күн сәулесінен қорғайтын сары пигмент түзеді деген анықтама ұсынды. Дегенмен бұл екі тұжырым да теріске шықты❌

Фрайбург ғалымдары Мартин Шефер мен Грегор Ролсхаузен тәжірибе жасап, жапырақтарды әртүрлі түске бояды. Нәтижесінде жәндіктер ағашты түсіне қарап емес, иісі мен саулығына қарай таңдаған.

Ғалымдар әртүрлі биіктіктегі тоғайларды да салыстырды. Суық аймақтарда жапырақ түсі расымен ашық болады және жәндіктер аз кездеседі. Алайда 360 метрлік кей аласа ағаштар 1100 м биіктіктегі күн қатты түсетін ағаштарға қарағанда ашық болып шықты.

Ағаштар жапырақ түсін өзгерту үшін энергияны не үшін жұмсайтыны туралы ғалымдар әлі нақты жауап тапқан жоқ, сондықтан біз Дмитрий Доценконың мына ғажап суреттерін тамашалайық😍👆

🍁Неге жапырақтар күз келген сайын сары түске боялады?Күзде жапырақтағы хлорофилл жойылып, оның орнына қызыл-сары пигмент...
20/10/2025

🍁Неге жапырақтар күз келген сайын сары түске боялады?

Күзде жапырақтағы хлорофилл жойылып, оның орнына қызыл-сары пигмент түзіледі. «Неге?» деген сұраққа ғалымдар әртүрлі жауап ұсынған⬇️

2001 жылы биолог Уильям Хәмилтон күзде жапырақтың түсі жәндіктерді үркіту үшін пайда болады деп болжады. Яғни сау ағаштар жапырағында токсин түзіп, ашық түспен «мені жемеңдер» деген белгі береді.

Кейін басқа зерттеушілер жапырақ сарғайғанда күн сәулесінен қорғайтын сары пигмент түзеді деген анықтама ұсынды. Дегенмен бұл екі тұжырым да теріске шықты❌

Фрайбург ғалымдары Мартин Шефер мен Грегор Ролсхаузен тәжірибе жасап, жапырақтарды әртүрлі түске бояды. Нәтижесінде жәндіктер ағашты түсіне қарап емес, иісі мен саулығына қарай таңдаған.

Ғалымдар әртүрлі биіктіктегі тоғайларды да салыстырды. Суық аймақтарда жапырақ түсі расымен ашық болады және жәндіктер аз кездеседі. Алайда 360 метрлік кей аласа ағаштар 1100 м биіктіктегі күн қатты түсетін ағаштарға қарағанда ашық болып шықты.

Ағаштар жапырақ түсін өзгерту үшін энергияны не үшін жұмсайтыны туралы ғалымдар әлі нақты жауап тапқан жоқ, сондықтан біз Дмитрий Доценконың мына ғажап суреттерін тамашалайық

📍Алматы қаласы
💡National Geographic зерттеуінен үзінді

📸Құрлық пен судағы ең үздік фотосуреттерді атап көрсететін «Жылдың үздік тұмса табиғат фотосуретшісі» байқауының биылғы ...
18/10/2025

📸Құрлық пен судағы ең үздік фотосуреттерді атап көрсететін «Жылдың үздік тұмса табиғат фотосуретшісі» байқауының биылғы жеңімпаз туындылары анықталды

💡Материалды толығырақ nationalgeographic.kz сайтына жарияланған мақаламыздан оқыңыз

16/10/2025

🐋Табиғаттың тылсым сыры кейде тәжірибелі фотографтардың өзін таңғалдырады. 🐻‍❄️Ақ аюлардың алып кашалоттың өлексесіне жиналып жатқан мына бейнежазбасын түсірген адамдар үшін сирек көріністің куәсі болды. Себебі кашалоттар әдетте ақ аюлар мекендейтін мұзды Арктика суларында кездеспейді

🐯Суреттің оң жағындағы келбеті ерекше жолбарыс – тағдыры қыл үстінде тұрған популяцияның нышаны
14/10/2025

🐯Суреттің оң жағындағы келбеті ерекше жолбарыс – тағдыры қыл үстінде тұрған популяцияның нышаны

12/10/2025

🦦Құндыздар қаншалықты сүйкімді көрінсе, соншалықты ебедейсіз🤭

Бейнежазбада олар Монтана өзенінінің жағасында шомылып жүр. 2020 жылы Колорадо штатын түгелдей дерлік күлге айналдырған алапат өрттен тек құндыздар тіршілік еткен аумақ қана аман қалған еді. Ғасырлар бойы зиянкес саналып келген бұл жануарлар енді климат дағдарысындағы ең үлкен қатерге тосқауыл ретінде қарастырылып жатыр.

🎥:

💡Ғылым, зерттеу, білім беру және сторителлинг арқылы әлемді қорғауға, танытуға өз үлесіңізді қосыңызҚолдау көрсеткен әрі...
07/10/2025

💡Ғылым, зерттеу, білім беру және сторителлинг арқылы әлемді қорғауға, танытуға өз үлесіңізді қосыңыз

Қолдау көрсеткен әріптестерге рақмет!
.kz

Address

Рақымжан Қошқарбаев к-сі, 1/5 Downtown бизнес орталығы (Geneva ғимараты, 4-қабат)
Tselinograd

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when National Geographic Qazaqstan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to National Geographic Qazaqstan:

Share

Category

National Geographic Qazaqstan

Бас редактордан

Жаныңызға серік жаңа басылым

Осыдан 128 жыл бұрын дүние қандай еді? Адамзат алдында қандай қатерлер тұрды? Әрине, мұнайдың алғашқы ұңғымалары жерге сүңгіген сол тұста жаһандық жылынудың алғашқы қадасы қағылды деп ешкім де ойламаса керек-ті. Дегенмен, нақ сол кезеңде АҚШ-тың Ақ үйінің маңындағы шағын мейрамханада және бір тарихи оқиға өтіп жатты: 1888 жылдың 27 қаңтарында Уашингтонда америкалық элита мен ғалымдар «географиялық білімді арттыру һәм оны таратуға жәрдемдесу» туралы аса өзекті мәселені талқылау үшін бас қосты. Нәтижесінде «National Geographic Society» дүниеге келді. 9 айдан соң 1888 жылдың қазанында «National Geographic Magazine» журналының алғашқы нөмірі жарыққа шықты.