10/09/2026
👋 Оқушыларға дұрыс амандасуды үйрету керек пе?
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыр мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін үйретуді ұсынды.
Ол осы мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға депутаттық сауал жолдады. Сайырдың пікірінше, амандасу әдебі – ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі.
Бұл мәселені бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген. Мемлекет басшысы сәлемдесу мәдениетіне қатысты пікір білдіріп, ұлттық әдеп пен тәрбиеге мән беру қажеттігін айтқан.
Ал сіздіңше, мектепте амандасу әдебін арнайы үйрету керек пе?