«Егемен Қазақстан» - 1919 жылғы 17 желтоқсаннан бастап шығатын жалпыұлттық аптасына 5 рет шығатын газет.
«Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбе
к Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.
«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді.
86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтанда.
26/10/2025
Республика күні қарсаңында «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ел азаматтарына арналған құттықтауын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
24/10/2025
Әлемдегі ең ірі электрондық коммерция алпауыты «Amazon» алдағы он жылда қойма жұмыстарын жаппай автоматтандыруды көздеп отыр. 600 мың жұмыс орнын роботтарға бермек.
24/10/2025
«Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы
24/10/2025
Республика күні мерекесіне орай Ақтаудағы 20-кемелер айлағында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты ....
24/10/2025
«Келешек мектептері» – тұрғылықты жерінде, қолжетімді әр оқушыға сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары
24/10/2025
Қазақстан Ішкі істер министрлігі елде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлап, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
24/10/2025
Балаға қатысты зорлық-зомбылықты, қатігез қарым-қатынасты, буллингті немесе басқа да құқықтарының бұзылғанын байқағанда не істеу керек
24/10/2025
Атырау қаласында үш жігіт пранк түсіру үшін бойжеткенді көлікке күштеп отырғызған. Сот олардың бұл әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24/10/2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, биылғы экономикалық жетістіктерді қорытындылай келе, елімізде астық түсім...
24/10/2025
Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
24/10/2025
Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты
24/10/2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қауіпсіз әрі әділетті мемлекет болуы үшін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Eg...
Address
«Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 Tselinograd 010008
Be the first to know and let us send you an email when Егемен Қазақстан posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.
Жүз жылдығын атап өтіп жатқан республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ
Басқарма төрағасы – Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі
Газеттің қысқаша тарихы
Жүз жылдық межесіне жақындаған республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газет тиражы 206 мың дана.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Газеттің өз веб-сайты (egemen.kz), интернет-редакциясы бар.
14 облыста меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Акционерлік қоғамда жалпы 100-ден аса қызметкер жұмыс істейді.
Газетті 1919 жылғы “Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған басшылар