Balapan Телеарнасы

Balapan Телеарнасы Еліміздегі жалғыз балалар арнасы
balapan.tv
www.instagram.com/balapantv
t.me/balapantv

29/09/2025

😁 Серке аяқ астынан батыр болып кетті

😊 Орманның жаңа қожайынын таныдыңдар ма?

29/09/2025

📸 «Balapan» арнасының жүргізушілері достарымен бірге ерекше фотосессия өткізді.

Локация үшін -ға рақмет! 💫

27/09/2025

⏰ Дәл қазір эфирде «Жаса, Balapan !» концерті

😍 Эфир тізгінінде сүйікті жүргізушілерің Асқар ағай, Зеретай және Жанел

27/09/2025

🌟Бүгін «Balapan» арнасына – 15 жыл!

Айтулы күнге орай «Balapan» арнасы 15 игі іс жасады.

«Balapan» арнасының жүргізушілері Рахматулла мен Кәусар игі іс аясында Ұлттық музейге келді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 20 зал бар, соның ішінде Ежелгі және ортағасырлар тарихы залы, Көне түркі өркениеті залы, Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары залы, XIII-XX ғғ. Қазақстан тарихы залы, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы, Материалдық емес мәдени мұра залы, Палеонтология залы, Қолөнершілер орталығы, Заманауи бейнелеу өнері залдары бар.

🖼 Музейге келудегі мақсат – музейде қызмет ететін экскурсия жүргізушілерге көмектесіп, қонақтарға тарихымызды таныстыру.

⏰ Толық нұсқасын дәл қазір эфирден көріңдер🫶

😍 Мерекелік концертке 1 күн қалды💛 Досым, 27 қыркүйек ⏰12:20-да  естен кетпес мерекелік кештің куәсі бол.
26/09/2025

😍 Мерекелік концертке 1 күн қалды

💛 Досым, 27 қыркүйек ⏰12:20-да естен кетпес мерекелік кештің куәсі бол.

🥳 «Balapan» арнасына 15 жыл!Атаулы күнге орай сендерді «Жаса, Balapan!» арнайы жобасын тамашалауға шақырамыз.Екі сағатқа...
25/09/2025

🥳 «Balapan» арнасына 15 жыл!

Атаулы күнге орай сендерді «Жаса, Balapan!» арнайы жобасын тамашалауға шақырамыз.

Екі сағатқа созылатын мерекелік эфирде арна қолға алған «15 игі іс» жобасы таныстырылып, жас ғалымдар мен республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары, сондай-ақ талантты өнерпаздар өнер көрсетеді.

🎉 Қызыққа толы мерекелік бағдарламаны 27 қыркүйек күні ⏰ 12:20-да көріңдер!

25/09/2025

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы күзгі телевизиялық маусымдағы жобаларын таныстырды

Корпорацияға қарасты «Qazaqstan», «Balapan», «Abai TV» телеарналарынан күзгі телевизиялық маусымда 17 жаңа бағдарлама, 190 бөлімнен тұратын 7 телехикая, 10 анимациялық мультхикая мен 10 деректі фильм ұсынылады.

Биылғы жобаларымыз «Адал азамат», заң мен тәртіп қағидаттарын тереңірек түсіндіруге, азаматтардың қаржылық және құқықтық біліктілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және қоғам үшін маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеруге бағытталады.

⚡️«Ұнайды маған»: «Қазақстан» телерадиокорпорациясы күзгі телевизиялық маусымдағы жобаларын таныстырды ✨ «Balapan» арнас...
25/09/2025

⚡️«Ұнайды маған»: «Қазақстан» телерадиокорпорациясы күзгі телевизиялық маусымдағы жобаларын таныстырды

✨ «Balapan» арнасы биыл 145 бөлімнен тұратын 10 жаңа анимациялық жоба ұсынады. Олардың ішінде балаларды табиғатты қорғауға баулитын «Томирис және сиқырлы әлем», достық пен татулықты дәріптейтін «Жалын мен Мөлдір», денсаулық пен ағза мүшелерінің қызметін түсіндіретін «Жедел достық», әйгілі Сұлтан Бейбарыс жайлы «Сұлтан Бейбарыс. Мысыр құпиялары» және басқа да мультхикаялар бар. Сондай-ақ кішкентай көрермендерге «Жүйрік пойыз 2», «Желаяқ 3», «Тоқты мен Серке 6» мультхикаяларының жаңа маусымы көрсетіледі.

22/09/2025

«Balapan» арнасының жүргізушілері игі істер легін жалғастырып, №112 Жайлы орта мектебіне арнайы барды. Бұл жолғы мақсат – мейірімділікті дәріптеп, бүлдіршіндердің бір-біріне қуаныш сыйлауын себеп болу.

Мектеп оқушылары өздері ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесінде ерекше белсенділік танытты. Әрқайсысы қолынан шыққан бұйымдарын, қолдан жасалған әшекейлерін, тәтті тағамдарын жәрмеңкеге әкелді. Көптеген оқушылар үйде ата-аналарымен бірге пісірген түрлі тәттілерін әкеліп, достарына ұсынды.

Өз кезегінде «Balapan» телеарнасы ұжымы да мектеп ұстаздары мен оқушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Address

Д. Конаева, 4
Tselinograd
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Balapan Телеарнасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Balapan Телеарнасы:

Share

Category