Astana Online

Astana Online Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Astana Online, Broadcasting & media production company, Ш. Шөкін 6, Tselinograd.

Қоғам мен мемлекеттік органдар арасында ашық, сенімді және нәтижелі диалог орнату.

Цель – построение конструктивного общественного диалога и эффективного партнерства государственных органов и представителей гражданского общества.

545 кандидат 145 орын үшін бақ сынайды23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент — Курултай депутаттарын сайлау ...
18/08/2026

545 кандидат 145 орын үшін бақ сынайды

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент — Курултай депутаттарын сайлау өтеді. Бұл сайлауда 145 депутаттық мандат үшін 545 кандидат бақ сынайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттар жеті саяси партияның атынан тіркелген. Олардың қатарында бұрынғы депутаттармен бірге кәсіпкерлер, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар және қоғамдық сектор өкілдері бар.

Жаңа құрамның қалыптасуы елдің саяси жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Сайлаушылар 23 тамызда өз таңдауын жасап, Курултайдың алдағы жұмысына ықпал ететін депутаттарды анықтайды.

Парламент реформасынан кейін бұрынғы сенаторлар қайда кетті?2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Парламенттің жаңа ж...
11/08/2026

Парламент реформасынан кейін бұрынғы сенаторлар қайда кетті?

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Парламенттің жаңа жүйесі іске қосылды. Сенат пен Мәжілістің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Курултай қалыптасты. Оның депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді.

Парламент реформасынан кейін бұрынғы сенаторлардың кәсіби жолы әртүрлі бағытта жалғасты. Бір бөлігі мемлекеттік және өңірлік қызметке ауысса, енді бірі саяси қызметін жалғастырып, Курултай сайлауына кандидат ретінде қатысып жатыр.

Мәселен, «Әділет» партиясының тізімінде бұрынғы сенаторлар Евгений Больгерт, Нұрлан Бекназаров және Бегалы Ералиев бар.

Ал бұрынғы сенатор Наурызбай Байқадамов депутаттық қызметтен кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры болып тағайындалды.

Осылайша, парламенттік реформа бұрынғы сенаторлар үшін де жаңа кезең бастады. Бірі саясаттағы жолын жалғастырса, енді бірі өз тәжірибесін басқа салаларда пайдалануда.

Астаналық оқушылар Сингапурдағы халықаралық математика олимпиадасында үздік нәтиже көрсеттіАстанадағы «Smart Technologic...
11/08/2026

Астаналық оқушылар Сингапурдағы халықаралық математика олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Астанадағы «Smart Technological School» мектебінің оқушылары Сингапурда өткен халықаралық математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.

17-22 маусым аралығында Сингапурда «StemCo Global Finals Maths 2026 / SGFM 2026» халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Байқауға әлемнің әр елінен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінде алтын, күміс және қола жүлдеге ие болған оқушылар қатысты.

Елорда оқушылары да халықаралық додада үздіктер қатарынан көрінді. «Smart Technological School» мектебінің 5-сынып оқушысы Алимжан Копеев абсолютті чемпион атанып, I орын мен алтын медаль жеңіп алды. Ал осы мектептің тағы бір оқушысы Алихан Мурат III орын алып, қола медальға ие болды.

Оқушылар халықаралық олимпиадаға арнайы шақырту арқылы қатысты. Финалға әлемнің түрлі елдерінен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жолдама алды.

Олимпиада тапсырмалары Сингапурдың озық математикалық білім беру бағдарламасына негізделген. Қатысушылардың тек математикалық формулаларды білуі ғана емес, күрделі есептерді талдауы, логикалық ойлауы және алған білімін практикалық жағдайларда қолдана білу қабілеті де сыналды.

Айта кетерлігі, халықаралық финалға қатысқан «Smart Technological School» мектебінің екі оқушысы да жүлделі орындарға ие болды. Бұл нәтиже оқушылардың пәндік дайындығы жоғары екенін және олардың халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайын екенін көрсетеді.

🎹 Астаналық жас пианист Лондонды бағындырдыАстанадан шыққан жас музыкант халықаралық сахнада Қазақстанның көк туын желбі...
10/08/2026

🎹 Астаналық жас пианист Лондонды бағындырды

Астанадан шыққан жас музыкант халықаралық сахнада Қазақстанның көк туын желбіретті!

Абылай Мұстафин Лондонда өткен Golden Time Talent халықаралық байқауында фортепиано бағыты бойынша бірінші орын иеленді.

Байқауға әлемнің 35 елінен қатысушылар жиналған. Ал қазақстандық жас пианист солардың арасынан үздік атанды.

Абылайдың жетістігінің ерекшелігі – ол туғаннан бері көзі көрмейді

Ол музыкалық шығармаларды нотаға қарап емес, **есту және есте сақтау арқылы үйренеді. Әр шығарманы мұғалімімен бірге тыңдап, жаттап, ұзақ уақыт дайындалады.

Биыл Абылай Астанадағы Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясын қызыл аттестатпен және Роза Бағланова атындағы музыка мектебін қызыл дипломмен тәмамдады.

Еңбегінің нәтижесінде ол Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне мемлекеттік білім грантын да иеленді.

Лондондағы бұл жеңіс – Абылайдың алғашқы жетістігі емес. Ол бұған дейін де республикалық және халықаралық көптеген байқауларда жүлделі орындарға ие болған.

Бұл оқиға бізге бір нәрсені тағы бір рет көрсетеді: адамның мүмкіндігін шектейтін нәрсе – жағдай емес, өзіне деген сенімнің жоғалуы.

Астанада Курултайдың болашақ депутаттарына арналған қызметтік пәтерлер жөнделіп жатырАстанада жаңа шақырылым депутаттары...
07/08/2026

Астанада Курултайдың болашақ депутаттарына арналған қызметтік пәтерлер жөнделіп жатыр

Астанада жаңа шақырылым депутаттарына арналған қызметтік тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерде жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы BES.media-ға ҚР Курултайының шаруашылық қамтамасыз ету департаменті хабарлады.

Қолданыстағы конституциялық заңнамаға сәйкес, басқа өңірлерден сайланған депутаттарға қызметтік тұрғын үй беріледі. Олар өз өкілеттігі кезеңінде бұл пәтерлерді ақысыз пайдалана алады. Қызметтік баспана қажетті жағдаймен қамтамасыз етіліп, жиһазбен жабдықталуы тиіс.

Департамент мәліметінше, пәтерлерге жөндеу жұмыстары олардың нақты тозу деңгейіне байланысты жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жыл сайынғы жоспарлы тексеру кезінде анықталады.

«Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерде жөндеу жүргізу туралы шешім олардың қазіргі жағдайына байланысты қабылданған. Атап айтқанда, тексеру барысында бірқатар ақаулар анықталған.

Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, 2024 және 2025 жылдары аталған пәтерлерде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жиһаздар мен тұрмыстық техника да қажеттілігіне және тозу деңгейіне қарай жаңартылады.

Қызметтік пәтерлердің жағдайы бұған дейін де әлеуметтік желілерде талқыланған. Экс-депутат Бақытжан Базарбектің жұбайы Әдель Instagram парақшасында пәтерлердің біріне шолу жасап, ондағы жиһаздардың шамамен 20 жылдан бері жаңартылмағанын айтқан. Сондай-ақ пәтердегі теледидардың ескі үлгіде екенін көрсеткен.

Қазір «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі қызметтік пәтерлерді жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Пәтерлер жаңа шақырылым депутаттары өз міндеттерін атқара бастағанға дейін пайдалануға дайын болуы тиіс.

Президент шағын және орта бизнесті қолдауды күшейтуді тапсырдыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта б...
06/08/2026

Президент шағын және орта бизнесті қолдауды күшейтуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте айтылды.

Президенттің айтуынша, шағын және орта бизнес – ел экономикасының тұрақты дамуы мен жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Осыған байланысты кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру маңызды.

Мемлекет басшысы жауапты мемлекеттік органдарға инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту және бизнесті жүргізу рәсімдерін одан әрі жеңілдету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ өңірлерде шағын және орта бизнестің дамуына ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Президенттің пікірінше, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау экономиканы әртараптандыруға, халықты жұмыспен қамтуға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес барысында мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігі, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері де қаралды.

Президент мемлекеттік органдарға кәсіпкерлермен тұрақты кері байланыс орнатып, бизнестің алдында тұрған өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Астана – Қосшы бағытына салынатын Tarlan Astana желісінің құрылысы жаңа кезеңге өттіАстанада Қосшы қаласына бағытталған ...
06/08/2026

Астана – Қосшы бағытына салынатын Tarlan Astana желісінің құрылысы жаңа кезеңге өтті

Астанада Қосшы қаласына бағытталған Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) екінші кезеңі бойынша аралық құрылымдарды монтаждау жұмыстары басталды. Бүгін құрылысшылар алғашқы темірбетон арқалықты көтеріп, арнайы тіректерге орнатты. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, монтаж жұмыстары кезінде Қазақстанда алғаш рет арнайы көпір орнатқыш техника пайдаланылды. Ол темірбетон арқалықтарды көтеріп, эстакада бойымен қажетті орынға жеткізіп, тіректерге дәл орнатады.

CTS өкілдерінің айтуынша, бұл технология құрылыс қарқынын едәуір жеделдетіп, жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңде автокөлік қозғалысын шектеу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында жүк көтергіштігі 245 тонна болатын заманауи көпір орнатқыш дайындалған. Ол интеллектуалды басқару жүйесімен және қашықтан басқару пультімен жабдықталған. Сонымен қатар құрылыс барысында ауыр темірбетон конструкцияларын орнатуға арналған өзге де арнайы техника қолданылып жатыр.

Еске сала кетейік, Астанада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысы жалғасуда. Биыл жазда елорда мен Қосшы қаласын байланыстыратын екінші кезеңнің құрылысы ресми түрде басталған болатын.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде құрылыс алаңында ағаштардың кесіліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек CTS бұл ағаштардың жойылмай, құрылыс жұмыстарына орын босату мақсатында басқа аумақтарға көшіріліп жатқанын түсіндірді.

Айта кетейік, биыл шілде айында Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі Tarlan Astana деген ресми атауға ие болды. Бұған дейін тұрғындар жобаны кеңінен Astana LRT атауымен танығанымен, бұл атау ресми болмаған. Ол тек әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын жеңіл рельсті көлік жүйесінің жалпы атауын білдіретін.

05/08/2026

Астана халықаралық іс-шаралардың маңызды орталығына айналып келеді

03/08/2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

31/07/2026

Қазақстан инвестиция тарту бағытында жұмыстарын күшейтуде

Address

Ш. Шөкін 6
Tselinograd
010016

Telephone

+77477505505

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Astana Online posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Astana Online:

Shortcuts

Share