AQTAU теле-радио арнасы

  • Home
  • AQTAU теле-радио арнасы

AQTAU теле-радио арнасы Новости Казахстана г. Актау 29 микрорайон, 24 дом, 0/2 офис

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды AqtautvБолат Назарбаев бір...
13/11/2023

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Aqtautv

Болат Назарбаев бір апта бұрын жансақтау бөліміне түскен болатын. Ал бүгін, 13 қарашада, сағат 9.51-де жүрегі тоқтаған. Ақпаратты Алматының Орталық клиникалық ауруханасы да растады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады.

Рахымжан Шалбаев Бейнеу ауданының әкімі болып сайланды.Сайлаудын қорытындысы бойынша Рахымжан Шалбаевқа 8556 сайлаушы да...
06/11/2023

Рахымжан Шалбаев Бейнеу ауданының әкімі болып сайланды.
Сайлаудын қорытындысы бойынша Рахымжан Шалбаевқа 8556 сайлаушы дауыс берген.

Елімізде тұңғыш рет 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімін сайлау өтіп жатыр. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзе...
06/11/2023

Елімізде тұңғыш рет 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімін сайлау өтіп жатыр. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда. Әкімдері сайланғалы отырған 42 ауданның біреуі Маңғыстау облысына тиесілі, деп хабарлайды Aqtautv

Бейнеу ауданында орналасқан сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.

Алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. Ауданда барлығы 30 сайлау учаскесі бар. Оның 17-сі - аудан орталығында, қалған 13-і - ауылдық жерлерде.

Комиссия құрамына 188 адам тартылған.

Аудан бойынша 40 134 адам дауыс беру құқығына ие.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты елімізде 29 қа...
29/10/2023

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты елімізде 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфирінен ойын-сауықтық бағдарламалар мен жарнамалық контент көрсетілмейді.

Таңғы 09:00-ден бастап тікелей эфирде «Aqparat» шығарылымдары ұсынылады.

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев 25-қазан Республика күніне орай қалалық мәслихат депутаттарын мерекелік медальмен ...
24/10/2023

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев 25-қазан Республика күніне орай қалалық мәслихат депутаттарын мерекелік медальмен марапаттады.

Республика күні қарсаңында Ақтау қалалық мәслихат депутаттарына шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін мерекелік медаль табысталды. Шарада қала әкімі мәслихат депутаттарын облыстың және қаланың мерейтойымен құттықтады.

-Облыстың 50 және қаланың 60 жылдығы құтты болсын! Депуттар бұл әкімдік пен халық арасындағы алтын көпір деп есептеймін. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бұл біздің және халық қалаулылары яғни сіздермен бірлесе атқаратын жұмысымыз. Халық игілігі үшін атқарып жүрген еңбектеріңіз жемісті болсын. Сіздерге алғыс айтамын, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.

Өз кезегінде депутаттар да қаланың 60 жылдығымен құттықтап, ел болашағы үшін аянбай еңбектенетіндерін жеткізді.

-Ақтау қаласының 60 жылдығы құтты болсын! Қаламызды дамыту жолында игі бастамаларға қала әкімдігімен бірлесіп атсалыса береміз. Мемлекетіміз, облысымыз, ақмаржан қаламыз дамып, өркендей берсін. Мереке құтты болсын!, - деді қалалық мәслихат депутаты, «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

Бүгін, 24 қазанда Нұрлан Ноғаев облыс активіне өз еркімен қызметінен кеткен Қанат Жұмабаевтың орнына келген Маңғыстау об...
24/10/2023

Бүгін, 24 қазанда Нұрлан Ноғаев облыс активіне өз еркімен қызметінен кеткен Қанат Жұмабаевтың орнына келген Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Басқарманың жаңа басшысы болып бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған Мақсат Мұқаш келді.

Мақсат Мұқаш Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2021-2023 жылдар аралығында VII шақырылымдағы Жаңаөзен қалалық маслихатының депутаты. «Ақ жол» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі болды.

Еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласының №7 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған.

2016-2017 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, Қызылсай елдімекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары.

2018-2019 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, Қызылсай елдімекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры.

2019 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін Жаңаөзен қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болды.

2023 жылдың 29 маусымнан бастап Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қанат Жұмабаевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, басқарманың жаңа басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды, деп...
18/10/2023

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың көктемінде «Ж» есімді азамат ортақ таныстары арқылы «А» есімді азаматшамен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда осыған қарамастан, «Ж» есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған.

2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, «Ж» есімді азамат пен досы бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан.

Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген.

«Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады. 21.09.2023 жылы Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Дереккөз; 112_aktau парақшасынан алынды

Маңғыстау облысындағы волонтерлік топтар мен ұйымдарға биыл 300 000 теңге көлемінде 15 шағын грант беріледі. Бұл туралы ...
16/10/2023

Маңғыстау облысындағы волонтерлік топтар мен ұйымдарға биыл 300 000 теңге көлемінде 15 шағын грант беріледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мұқаш Оралбай хабарлады.

Спикердің айтуынша, үздік волонтерлік жобаны анықтау мақсатында шағын грант беру бойынша бүгінде 38 өтінім түсіп, техникалық іріктеу кезеңі басталған.

-Қазіргі таңда өңірімізде волонтерлікпен 53 бастамашыл топ, 10 үкіметтік емес ұйым қызмет атқарады. Облыста барлығы 5230 волонтер бар. Жыл басынан бері бірқатар волонтерлік ұйымдардың ұйымдастыруымен өңірде экологиялық акциялар өтіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға, қарт адамдарға материалдық, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілді, - деді Мұқаш Оралбай.

Сондай-ақ, брифинг барысында «Ұлттық волонтерлік желісі» ЗТБ өңірлермен өзара іс-қимыл жөніндегі бағыттың басшысы Ақерке Құсанова волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу мақсатында 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізу басталғандығы мен шара барысында талқыланатын тақырыптарды айтып өтті.

- Аталған іс-шара барысында волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобаларды анықтау, аймақтардағы волонтерлік саладағы бар проблемалар мен қажеттіліктерді талдау, сонымен қатар, ҮЕҰ, волонтерлер топтары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылау және 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың жол картасына ақпарат жинау сынды тақырыптар талқыланатын болады, - деді Ақерке Құсанова.

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылының 50 жылдық мерейтойы сән-салтанатпен аталып өттіАлғашқы күні «Сөз бен саз» бағда...
16/10/2023

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылының 50 жылдық мерейтойы сән-салтанатпен аталып өтті
Алғашқы күні «Сөз бен саз» бағдарламасы ауыл сахнасын әуезді ән мен күмбірлеген күйге бөлеп, тұрғындарды бір марқайтты. Жергілікті ақын-сазгерлердің өмірі мен өнер туындыларын халыққа таныстыруды көздейтін бағдарлама аудан әкімдігінің қолдауымен өтті. Кешті өлкеге танымал жүргізуші Бердіхан Әлмен тізгіндеді. Концертте дәстүрлі әншілер мен жыршылар тыңдарманның көңілінен шығар туған жер, ауыл, Маңғыстау туралы шығармаларды орындап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

 Шараға арнайы Ақтөбеден айтыскер ақын Аян Сейтов, (“Жарқ ете қалшы найзағай болып..авторы), Қызылордадан сазгер Нұртуған Жаңабай (“Аягөз қайда барасың..авторы), Қызылордадан жыршы Жәнібек Жақсан келді. Шарада мерекеге орай, бірқатар ауылдың әлеуметтік-дамуына үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғысына бөленіп, төсбелгімен марапатталды.

 - Керемет кеш өтті, ұлттық ән мен жырды тыңдап, бір марқайып қалдық. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Баяндының 50 жылдық мерейтойы құтты болсын,-деді ауыл тұрғыны Бақтыгүл Қыдырова.

Келесі күні 50 жылдыққа орай, Баянды туралы көрме ашылды. Залда ең алғашқы тұрғындар қоныстанған уақытта қолданылған бұйымдар, ауыл туралы кітаптар, фотосуреттер және т.б жәдігерлер жинақталған. Сонымен қатар, алғашқы директор Қаналхан Аманжоловқа кабинет пайдалануға берілді.  Айта кетейік, ауылда 1985 жылы 8 жылдық мектеп ашылған. Директоры осы Қаналхан аға  болды. Білім ордасы кеңейіп, 1991  жылы бала саны 150-ге жетіп, 9 жылдық орталау мектеп, 1991 жылы 11 жылдық болды. 

Әрі қарай мерейтой мектеп алаңында жалғасты. Ақшаңқан киіз үйлер құрылып, мерекенің сәнін келтірді. Әр үйде дастархан жайылып, үлкен-кіші астан дәм татты. Сонымен қатар,  «қазақша күрес», «қошқар көтеру»  сынды спорт түрлерінен спорттық жарыстар өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақтаудағы Маңғыстау туризм колледжі ғимаратында 12 қазан күні  «Climbing» облыстық туристік сайысы өтті.Шараның мақсаты ...
13/10/2023

Ақтаудағы Маңғыстау туризм колледжі ғимаратында 12 қазан күні «Climbing» облыстық туристік сайысы өтті.
Шараның мақсаты - педагогтердің туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау, туристік-өлкетану жұмыстарының дәстүрлі, инновациялық формаларын мен әдістерін дәріптеу.
 
Туристік сайысқа жалпы және бағынысты білім беру ұйымдарынан 7 топтан 28 педагог қатысты.
 
Сайыстың ережесіне сәйкес педагогтер «Жылдамдық»,«Альпинист»,«Траверс»,   «Жумаринг», «Түйін байлау» кезеңдері бойынша туристік-спорттық шеберліктерін шыңдады.
 
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Ақтау» тобы, IІ орынды Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» тобы мен Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектебінің «Каспий» тобы, ІII орынды Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Жалын» тобы, Бейнеу ауданы, «Боранқұл» жалпы білім беретін мектебінің «Желтау» тобы, Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Отпан» тобы иеленді.

Айта кетейік, сайыс білім басқармасының іс - шаралар жоспарына сәйкес өтті.

Қарақия ауданының 50 жылдығы аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «QARAQIYA MARATHON»   марафон...
09/10/2023

Қарақия ауданының 50 жылдығы аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «QARAQIYA MARATHON» марафоны өтті.

Марафонға қызғушылық танытқан 50-ге жуық адам 10 шақырым қашықтыққа жүгірді. Шара барысында барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталды.

- Керемет шара өтіп жатыр. Спорт - денсаулық кепілі. Денемізді шынықтырып 10 шақырым жүргіруге дайынбыз. Шын жүйрік жеңіске жетсін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - дейді марафонға қатысушы.

Марафонның нәтижесі бойынша 1 - орынға Жандос Жұмабаев, 2 - орынға Ықылас Болат, 3 - орынға Күзенбай Алихан ие болды.

Айта кетейік, жүлдегер атанған марафоншылар арнайы дәрежелі диплом, медаль және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Маңғыстауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды “Aqtautv” Polisia.k...
04/10/2023

Маңғыстауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды “Aqtautv” Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша есірткі құқық бұзушылығының 230 дерегі тіркелді, оның ішінде 69-ы – есірткі қылмысы. Есірткі қылмысын жасағаны үшін 183 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 70 келі 779 грамды құрайтын есірткі тәркіленіп алынды. Жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлерімен барлығы 220 профилактикалық іс-шара өткізілді. Ал рейдтік шара барысында 440 граффити жазуы жойылып, есірткі, психотроптық заттарды жарнамалаумен айналысатын 89 сайт бұғатталды.

Address


Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 17:00
Sunday 09:00 - 17:00

Telephone

+77783044484

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when AQTAU теле-радио арнасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to AQTAU теле-радио арнасы:

  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share

AQTAU TV

“AQTAU TV” телеарнасы Ақтау қаласында орналасқан. Маңғыстау облысының көлемінде эфир таратады. Қазіргі таңда коммерциялық бағыттағы өңірдегі жалғыз жекеменшік телеарна. Арна эфирінде екі тілде жұмыс істейтін “Ақтау Ньюс” жаңалықтар қызметі бар. Одан бөлек “Студия”, “Онлайн сұхбат”, “PRO100 музыка” тағы да басқа тематикалық бағдарламалар тұрақты эфирден орын алған.